Өзекті мәселе

lat: Ózekti másele.

Көкейтесті, сол кезеңдегі басты мәселе.

Сөйтіп, бір мәселені ойдағыдай шешкен мамандар енді құю барысында тастардың барлық жақсы қасиеттерін сақтап қана қоймай оның беріктігін бұрынғысынан да арттыру сияқты өзекті мәселені шешу жолында жұмыстар жүргізе бастады (Қ.Қуатбаев, Жасанды тастар құпиясы).

Н.Назарбаев ең өзекті мәселе Орталық Азияда тұрба құбырын салуға тоқталды. Онсыз еуропа елдерін газбен қамтамасыз етудің баламасын табу қиын («Жұлдыз»).

Міне, осындай дүниетанымдық көзқарас тұрғысынан Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелеріне дер шағында көңіл аудару қажет (М.Қозыбаев, Өркениет және ұлт).